Қостанай облысындағы түзеу мекемесінде жазасын өтеуші көз жұмды. Оқиғаға байланысты тергеу басталды.

ҚР Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі ер адамның есірткі қылмысы үшін жазасын өтеп жатқанын хабарлады. Бұл оқиға бейнебақылау камерасына түскен. Қазір барлық мән-жайды анықтау мақсатында қызметтік тергеу жүріп жатыр, делінген хабарламада.