Қостанай облысында соңғы сегіз жылда 3 мыңға жуық қандас атажұртына оралды. Олардың арасында ағайын-туысты жиып, әулет болып қоныс аударып келгендер де бар. Бүгінде түрлі салада еңбек етіп, елдің дамуы мен ілгерілеуіне өз үлестерін қосып келеді.