Былтыр Бурабайда өткен 4 Ұлттық құрылтай отырысында Мемлекет басшысы білім мен тәрбиенің өзара ажырамас ұғым екенін атап өтті. Соның нәтижесінде тәрбиеге бағытталған бірыңғай бағдарламаны «Адал азамат» деп атау ұсынылған еді. Осы мақсатты жүзеге асыру бағытында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын қабылдады. Бағдарлама балабақшадан бастап мектеп пен колледжге дейінгі барлық білім беру ұйымдарын қамтиды. Ал биыл, Сыр елінде өтіп жатқан келелі жиында қандай мәселелер талқыланды? Сарапшы пікір білдірді.