Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайда елдің саяси жүйесіне қатысты ауқымды реформалар ұсынылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттік құрылымды түбегейлі жаңғырту, билік тармақтарының өкілеттігін қайта бөлу және президенттік институтты жетілдіру жөніндегі бастамаларын жариялады.