Қызылордада өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың V отырысында талқыланған мәселелер ел дамуының бағыт-бағдарын айқындайды. Себебі, ақалы жиында саяси реформалар, әлеуметтік сауалдар, білім және тағы басқа елді алаңдатқан түйткілдер ашық талқыланады. Бұл – қоғамды біріктіретін тың идеялар алаңы. Сыр өңірінде өтіп жатқан Ұлттық құрылтай жөнінде қостанайлықтар осындай пікір білдірді.