«Өлеңнен кейінгі өлең». Қостанайда ақын, журналист Аслан Қанғожиннің тұңғыш жыр жинағы жарық көрді. Туынды оның шығармашылық жолындағы маңызды қадам ғана емес, сонымен қатар өңірдегі жас әдеби буынның жаңа тынысын танытатын еңбек. Оқырманды ішкі толғанысқа жетелеп, өлең мен өмірдің өзара байланысын жаңаша қырынан ұғынуға шақырады.