Аурудың алдын алу және халықтың денсаулығын нығайту – Мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі. Профилактикалық тексерулердің арқасында қауіпті ауруларды ерте анықтап, уақтылы емделеуге болады. Қостанайда қала емханаларында жоспарлы түрде халықты скринингтен өткізу басталды. Бұл, міндетті әлеуметтік сақтандыру аясында тегін жүргізіледі.