Елімізде «Қазақстандық тауар өндірушілерінің тізілімі» цифрлық платформасы іске қосылды. Өнімнің шығу тегін растаудың бұрынғы механизімінен айырмашылығы – мұнда барлық процесстер толық цифрландырылған. Яғни, өтініштерді беру, оларды тексеріп, шешім қабылдау толығымен онлайн режимде жүзеге асырылады. Енді тауар өндірушілерге индустриялық сертификат алу міндеттелмейді.