Қостанай облысында алғаш рет керлинг спорт түрінен республикалық деңгейдегі оқу-жаттығу жиыны басталды. Бұл – өңір спорты үшін жаңа белес. Жиынға еліміздің бес өңірінен үздік командалар жиналып, тәжірибе алмасып, алдағы халықаралық жарыстарға дайындықты пысықтауда.