Қостанай облысында қауіпсіздік цифрлық жүйелер арқылы қамтамасыз етілуде. Бүгіннен бастап өңірдегі ақылы автожолдарда жылдамдық режимін бұзуды автоматты түрде тіркейтін «Зерек-2» кешендері жұмыс істей бастады. Полицияның мәліметінше, бұл кешендер көлік құралдарының белгіленген жылдамдықты асыру фактілерін тез анықтайды. Бақылау Қазақстан Республикасының жол қозғалысы қағидаларының талаптарына қатаң сәйкес жүргізіледі.