Біз бұған дейін Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында Қостанайдағы Президент резиденциясы Оңалту орталығына бейімделгенін айтқан болатынбыз. Нысан бүгінде толықтай іске қосылып, жұмысын бастап та кетті. Психоневрологиялық және тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды қабылдап, кешенді ем-дом шараларын жасап жатыр. Мұнда оңалтудың бірнеше бағыты қамтылған.