Қазақ даласының қоңыр самалындай жүрекке жылы тиетін әуендер бар. Сондай әуендер арқылы тұтас бір дәуірдің тынысы, елдің үміті мен сағынышы сезіледі. Осындай сырлы саздың иесі, Тобыл- Торғай топырағынан түлеп ұшқан белгілі композитор Қалибек Деріпсалдин– қазақ ән өнерінің рухани кеңістігінде айрықша орын алатын дара тұлғалардың бірегейі. Облыстық Лев Толстой атындағы кітапхана қабырғасында сазгерді еске алу кеші өтті.