Қостанай облысында кәсіпкерлік көкжиегі кеңейіп келеді. Жергілікті жұрт мемлекеттік бағдарламалардың арқасында жеке бизнестерінің жемісін көріп отыр. Кәсіп ашамын деушілерге кедергі жоқ. Үкімет тарапынан үлкен қолдау бар. Берілген мүмкіндікті барынша тиімді пайдалануға тырысып жатқан кәсіпорындардың бірі Меңдіқарада бүгінде бие сүтін терең өңдеудің инновациялық технологиясы арқылы саумал өндіруді қолға алған.