Енді міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру тетіктері әлеуметтік осал топтағы азаматтарға әлдеқайда қолжетімді болмақ. Бірінші қаңтардан бастап тұрмысы төмен жандар үшін МӘМС жарнасын жергілікті атқарушы орган төлейді. Қостанай облысында бұл санат қатарына шамамен 38 мың адам кіреді.