Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында мектептерде оқу үдерісі жаңа деңгейге көтерілуде. Қауіпсіздік пен бақылауды күшейту мақсатында білім ордаларында Face ID жүйесі белсенді түрде енгізіліп жатыр. Жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін бұл технология оқушылардың бет-әлпетін әп сәтте таниды, қатысуды автоматты түрде тіркейді әрі мектеп қауіпсіздігін арттырады. Енді оқуға кірмес бұрын оқушылар арнайы жүйеден өтеді.