Елімізде қаңтар ҰБТ-сы басталды. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, ол сынақ 10 ақпанға дейін жалғаспақ. Тестілеуге 187 мыңға жуық адам қатысуға өтініш берген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 мыңға көп. Олардың 75,2%-ы қазақ тілінде, 24,6%-ы орыс тілінде, 189 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтуге өтініш білдірді, – деп хабарлайды минстрліктің баспасөз қызметі.