Ұлттық бірыңғай тестілеу мазмұнын өзгерту жоспарланған. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлайды. Мәліметке сәйкес, биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу өзгермейді.
Алайда 2027 жылдан бастап ҰБТ тапсырмалары талапкерлердің дағдысын бағалау үшін халықаралық стандартталған тестіге бейімделеді. Осы орайда бұл талапкерлерге қосымша жүктеме болмайтынын, керісінше олардың қаншалықты білімді екенін, оларды білім алу барысында қалай қолдана алатынын анықтауға мүмкіндік бермек.