Қостанайдағы 6697 әскери бөлімінде қысқы оқу кезеңінің салтанатты ашылуы өтті. Іс-шара барысында жеке құрам сапқа тұрғызылып, оқу кезеңінің басталуына байланысты негізгі міндеттер айқындалды. Жиын тәртіп пен жауапкершілікті нығайтуға, даярлық деңгейін арттыруға бағытталды.