Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Turkistan» газетіне берген сұхбатында Қазақстанды цифрлық елге айналдыру - мемлекеттің стратегиялық басымдығы екенін атап өтті. Мемлекет басшысының айтуынша, жаңа технологиялар дәуірінде өркениетті ел ретінде сақталып қалудың бірден-бір жолы. Цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту елдегі сандық салаға, балалар мен ұстаздардың білім жүйесіне тиімді болмақ деген пікірде өңірлік сарапшылар.