Жалға берілген әрбір жер телімі тиімді пайдаланылуы тиіс. Ондай болмаған жағдайда учаскелер заңнама негізінде мемлекет меншігіне қайтарылады. Апталық жиын барысында шаһар басшысы қостанайлық кәсіпкерлерге осындай ескерту жасады. Отырыс барысында, сондай-ақ, жер қатынастары бөлімінің жұмысы қорытындыланып, алдағы жоспар бекітілді.