2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда салық төлеу тәртібі өзгерді. Бұрын қолданылып келген кейбір арнайы салық режимдері алынып тасталып, олардың орнына тек үш негізгі режим қалды. Олар – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін, жеңілдетілген декларациямен жұмыс істейтіндер үшін және шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған жүйелер.