Қостанайлық полицейлер қаладағы әлеуметтік нысандардың аумағын қар мен мұздан тазалау бойынша рейд жүргізді. Бұл ретте әсіресе, дүкендер, кәсіпорындар және жеке секторлар ауласына жіті көңіл бөлінді. Мұндай іс-шаралардың басты мақсаты – тұрғындар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен олардың емін-еркін жүріп-тұруына қолайлы жағдай туғызу.