Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Түркістан» газетіне берген сұхбатында ел экономикасы 6 пайыздан астам өскенін, ал ішкі жалпы өнім 300 миллиард доллар межесіне жетіп, жан басына шаққанда 15 мың доллардан асқанын айтты. Бұл, еліміз үшін рекордтық көрсеткіш екені тілге тиек етті. Өңірдегі сарапшылар да экономикалық өсімнің жоғарылауы елдегі даму тұрақтылығының оң көрсеткіші дейді.