Ортақ мақсат – бірлікке бастар жол. Қостанай қаласындағы 4-ші әуежай шағын ауданының тұрғындары бүгінде бір үйдің баласындай тату-тәтті өмір сүруде. Осыған дейін жертөлені қалпына келтіру, ауланы қардан тазарту секілді шаруалар тұрғындар назарынан тыс қалмаған. Қазір олар тағы бір маңызды жобаны қолға алып отыр. Биыл көктемде көпқабатты үйдің шатырын жөндеу жоспарланған. Осы мақсатта мүлік иелері бірлестігі қажетті қаражатты жинап, құрылыс материалдарын сатып алуға кірісті.