Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында өңірде отбасы институтын нығайтуға бағытталған бірнеше жоба жүзеге асырылуда. Қостанайда «Абысын-ажын» республикалық байқауының қатысушыларымен кездесу өтті. Келіндер татулығын үлгі еткен олар Қызылорда қаласында өткен іс-шарада жоғары нәтиже көрсетіп, аймақ намысын қорғаған еді. Игі бастаманың негізгі мақсаты – туысқандық қарым-қатынасты нығайтып, отбасылық құндылықтарды насихаттау.