Қостанайда Ыбырай Алтынсарин атындағы үздік әдеби шығармалардың республикалық байқауы қорытындыланды. Биыл 5-ші рет өтіп отырған балалар мен жасөспірімдерге арналған байқауға 200-ге жуық туынды келіп түскен. Мақсат – қазіргі қоғамның өзекті мәселелерін шынайы көрсете отырып, жастарды адамгершілікке, адалдыққа, еңбекқорлыққа, білім-ғылымға насихаттайтын авторларды іздеп табу. Олардың озық туындыларын таныстыру, жастардың оқуға деген қызығушылығын ояту.