Қостанайда мемлекеттік қызмет саласына қатысты семинар өтті. Жиында қызметтегі кемсітушілік, гендерлік теңдік және оны бұзудың алдын алу мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, қызметтік әдеп талаптарының сақталуы мен мемлекеттік қызметшілердің мәдени қарым-қатынас орнату дағдылары да сөз болды.