Облыстық орыс драма театры Алаш ардақтысы, қоғам қайраткері, ұлт ұраншысы, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Міржақып Дулатұлының рухына арналған қойылым ұсынды. Сахналық шығарма тарихи тұлғаның тағдырын баяндап, құнды мұрасын жаңғыртуды мақсат тұтқан. Осы орайда көрерменнің көңілінен шығу үшін дайындықтың тыңғылықты болғанын айтады театр мамандары.