Денсаулық сақтау саласында жүргізіліп жатқан реформалар отандық медицинаның қадамын озық ете түсті. Қызмет көрсету сапасы артып, ұлт саулығын жақсарту бойынша ауқымды шаралар қолға алынды. Бұл туралы өңірге жұмыс сапарымен келген ҚР Денсаулық сақтау министрі айтты. Ақмарал Әлнаразова Рудный қаласында тұрғындармен кездесіп, саладағы жаңашылдықтарды баяндады.