Жылу беру маусымында өрт оқиғаларының көпшілігі пештер мен мұржалардың ақаулы жағдайынан және оларды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаудың салдарынан туындайды. Осындай оқыс оқиғаларға жол бермеу үшін тұрғын үйлерді ерекше бақылауға алып, улы газды анықтайтын құрылғылармен қамтамасыз ету қажет. Әсіресе, көп балалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен жалғызбасты қарттар тұратын баспана ерекше назарда болуы тиіс.