Қостанайда тұрғын үй көмегін алушылар саны 14%-ға азайды. Биыл бұл атаулы қолдау 400-ден аса отбасыға тағайындалып, ортақ бюджеттен 14 млн-ға жуық қаражат бөлінген. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі осындай дерек келтірді. Жалпы, бұл төлемді кімдер ала алады? Ол үшін не істеу керек? Әкімдікте өткен жиында баяндалды.