Қостанайда Республикалық кәсіби шеберлік байқауы басталды. Биыл бұл байқау бесінші рет ұйымдастырылып отыр. Қостанай автокөлік колледжі аумағында өтетін шараға республиканың әр аймағынан мұғалімдер мен сарапшылар қатысып жатыр. Олар өзара тәжірибе алмасып, замауи оқу әдістерін ортаға салуда. Іс-шараның барысы жайлы толығырақ тілші материалында.