Қостанай облысында жол-көлік оқиғалары жиілеген. Бүгінге дейін 1105 жол апаты тіркеліп, 60 адам қаза тапқан. Мың жарымнан астам адам жарақат алған. Басты себебі жүргізушілердің ережені сақтамауы, дейді полицейлер.