Бүгін, Астанадағы «Қазмедиа» орталығында Astana Media Week 2025 форумы өз жұмысын бастады.Тоғыз жыл ішінде форум Қазақстандағы медиа саласын дамытуға арналған басты алаңға айналып, халықаралық және отандық медиа кәсіби мамандарын, медиабизнес өкілдері мен мемлекеттік органдарды біріктіретін маңызды платформа болып қалыптасты.


Медиааптаның алғашқы күні «Жасанды интеллект пен цифрландыру кезеңіндегі журналистиканың жаңа бағыттары: қоғам сенімі және өркендеу» атты пленарлық сессиямен ашылды. Форум қатысушыларына Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау хаты оқылды.Іс-шара «Журналистика тоғысында: жасанды интеллекті бар цифрлық медианың пайда болуы» атты панельдік сессиямен жалғасты.