Қазақстан Ұлттық Банкі жаңа дизайндағы 1000 теңгелік банкноталарды айналымға енгізді. Бұл, «Сақ стилі» сериясымен шыққан төртінші жаңа үлгі. Онда қазақтың бай мәдени мұрасы мен көшпенділер өркениетінің элементтері көрініс тапқан. Алайда, жаңа банкноталарды ел аумағына толық жеткізіп, банкоматтар мен төлем құрылғыларын бейімдеу үшін уақыт қажет болғандықтан, жаппай қолданысқа олар осы жылдың 3 қарашасынан бастап берілді.