Қостанайда жасанды интеллект бағытындағы ең ірі стартап-жобалар байқауы өз мәресіне жетті. Үш күн бойы еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының студенттері нейрожелілер көмегімен нақты өндірістік тапсырмаларды орындады. Хакатонның мақсаты – талантты топтар мен мамандарды жинау әрі олардың күнделікті өміріне жасанды интеллектіні енгізуді жеделдету дейді, ұйымдастырушылар.