Алтынсарин ауданында ауыл әйелдерінің екінші форумы өтті. Онда өз кәсібін мінсіз атқарып, адал қызмет етіп жүрген дәрігерлер, мұғалімдер, ауыл шаруашылығы саласының мамандары, жүргізушілер мен кітапханашылар марапатталды. Республика күні аясында мерекелік концерт ұйымдастырылып, үздік еңбек иелеріне құрмет грамоталары мен медальдар табысталды.