Аудан және облыс әкімдерінің сайлауы осы жылдан бастап тұрақты негізде өткізіледі. Ал, халық Мемлекет басшысының бір палаталы Парламент құру туралы бастамасын қолдаса, еліміздің саяси жүйесі жаңарады. Бұл туралы Президент кеңесші Мәлік Отарбаев ауыл әкімдерімен кездесуінде айтты. Жиында Мемлекет басшысы тапсырмаларының орындалу барысы талқыланды. Әсіресе, Президент Жолдауында айтылған ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыру, ауызсу және жол мәселелері басты назарда болды. Кездесуде өңірлердегі өзекті проблемаларды шешу жолдары қарастырылып, нақты міндеттер жүктелді.