Қазіргі ауа райының құбылмалы шағында жауын-шашынның мол болуы белгілі нәрсе. Тіпті, кей аймақтарда су қорының шамадан тыс көбеюінен түрлі залал орын алады. Мұндайда гидротехникалық құрылыстың маңызы зор. Ол суды тиімді пайдалану, қорғау және реттеу мақсатында жұмыс істейді. Сондай-ақ, инженерлік нысан арқылы судың ағысын басқару, су тасқынын болдырмау, суармалау мен энергия өндіру ісін жүзеге асыра алады. Осы негізде өңірімізде қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр? Гидротехникалық құрылыстың қарқыны қандай?