Бүгінде әлем экономикасы жаңа технологиялық дәуірге аяқ басты. Цифрландыру мен автоматтандыру процестері өндіріс, білім, медицина және басқару жүйелерін түбегейлі өзгертіп отыр. Осы үдерістің өзегінде жасанды интеллект тұр. Тың технология экономикалық тиімділікті арттырып қана қоймай, аймақтардың да әлеуметтік және инновациялық дамуына серпін беретін драйверге айналуда.