Қостанайда қазақ руханиятының көрнекті өкілі, ұлт ұраншысы, мемлекет және қоғам қайраткері М. Дулатұлының 140 жылдық мерейтойына арналған «Өмірі және өнегелі мұрасы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шараға елдің түрлі өңірінен белгілі ғалымдар, дін қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, студент жастар қатысты. Айта кетейік, басқосу Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бағдарлық баяндамасы аясында жүзеге асты.