Мемлекет басшысы өз Жолдауында инфрақұрылымды дамыту – мемлекеттік саясаттың ең маңызды бағыттарының бірі екенін атап өтті. Бұл – экономикалық өсім мен халықтың тұрмыс сапасын арттырады. Осы бағытта өңірде жол құрылысы мен жөндеу жұмыстарына айрықша мән берілуде. Мәселен, ширек ғасырға жуық уақыт назарсыз қалған Сарыкөл – Көкшетау бағытындағы күре жол күрделі жөндеуден өтті. Салтанатты ашылуы сәтіне облыс әкімі жұмыс сапарымен арнайы барды.