Мемлекет басшысының өңірлерді дамыту бойынша берген тапсырмасының іске асырылу барысын тексеру үшін облыс әкімі Қарасуға барды. Аймақтың шығыс бөлігінде орналасқан бұл ауданда инфрақұрылымдық жобалар мен жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Сапар барысында Құмар Ақсақалов тұрғындармен де кездесті.