Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл. Облыс орталығында Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойына арналған іс-шаралар легі жалғасуда. Этномәдени бірлестік өкілдерінің басын қосқан кезекті концерттік бағдарлама бұл жолы қалалық балалар шығармашылығы үйінде өтті. Салтанатты жиынға елордадан арнайы шақырылған меймандар, әскери қызметшілер мен шаһар тұрғындары қатысты.