Президент тапсырмасын іске асыру аясында, Қостанай ауданында "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында кең ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Шараға ауыл мектебінің ұжымы, оқушылар, ата-аналар және еріктілер белсене қатысты. Мақсат - оқушылардың қоғамға деген жауапкершілігін арттырып, ауыл тазалығына үлес қосу.