Заң бар жерде тәртіп бар. Қоғам тұрақтылығы мен азаматтардың қауіпсіздігі - заң талаптарының сақталуымен тығыз байланысты. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында Қостанайда тұрғындарға заңгерлер тегін көмек көрсетуде. Мамандар құқықтық сауаттылықты арттырып, азаматтардың өтініштерін дұрыс рәсімдеу жолдарын түсіндіруде.