Қостанай ауданындағы білім ошақтары да жаңа оқу жылын салтанатты түрде бастады. Мектеп ауласын мерекелік көңіл күйге бөлеген алғашқы қоңырау — білім мен үміттің, жаңа бастаманың символына айналды. «Келешек мектеп» болып қайта ашылған №1 білім ошағының оқушылары үшін бұл күн ұзаққа дейін ұмытылмасы анық.