Енді ауылдағы ағайын қорасындағы малын сатқаны немесе сатып алғанын, төлдегені мен шығынын ветеринарға хабарлауы керек. Бұл – ветеринар мамандардың жұмысын дұрыс жоспарлап, аурудың алдын алуға көмектеседі. Сондай-ақ, өңірдегі малдың нақты санын білуге мүмкіндік береді.