Қостанай жылу энергетикалық компаниясының арнайы отырысы өтті. Оған облыстық табиғи монополияларды реттеу және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті қатысты. Басқосуда сала өкілдерінің есебі тыңдалып, алдағы жоспары қаралды.
Компания өкілдері жылу тарифін қайта қарау қажеттігін айтты. Жиында кәсіпорынның негізгі қазандығы мен жылу желілерін жөндеу, жаңарту жұмыстары үшін қосымша қаржы керегі де атап өтілді.