Облыста вакцинацияның күшімен онға жуық жұқпалы аурудың алдын алу мүмкін болды. Бұл туралы дәрігерлер арнайы ұйымдастырылған брифинг барысында мәлім етті. Мәселен, соңғы 15 жылда өңірде қызамық ауруы мүлде тіркелмеген. Ал вирусты А гепатитімен сырқаттану көрсеткіші 23 пайызға төмендеген.